Мбаппе ПСЖ тарихында бір матчте пента-трик жасған бірінші футболшы

24 қаңтар 2023, 15:36

Франция кубогінде пента-трик жасаған Килиан Мабппе ПСЖ сапында бір ойында бес гол салған бірінші футболшы болып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Squawka" ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Еске салайық, 1/16 финалда париждік клуб сырт алаңда елдің алтыншы дивизионындағы "Пеи де Кассель" командасын 7:0 есебімен ұтқан.

 

Бірінші таймда Мбаппе 11 минутта хет-трик жасады. Екінші таймда тағы екі гол салды және Неймарға нәтижелі пас шығарды.

 

 

Енді 1/8 финалда ПСЖ "Марсельмен" ойнайды. Франция кубогінің қазіргі иегері "Нант".