Футбол

Месси Аргентина құрамасы сапында рекорд орнатты

  • vesti.kz/

    vesti.kz/

Аргентина құрамасы Америка кубогінің топтық кезеңінің соңғы ойынында Боливия құрамасын жеңді.

 

Куяба қаласындағы "Арена Пантанал"  стадионынжа өткен ойын 4:1 есебімен аргентиналықтардың пайдасына аяқталды. Аргентина сапында Лионель Месси дубльдің авторы атанса, Алехандро Гомес пен Лаутаро Мартинес бір-бір голдан соқты. Ал Боливия құрамасы сапындағы жалғыз голды Эрвин Сааведра салды.

 

Сондай-ақ бұл кездесуде Месси бір голдық пас берді. Айта кетейік, бұл Леоның ұлттық құрама сапында 148 кездесуі болатын. Месси бұл көрсеткіш бойынша 147 ойын өткізген Хавьер Маскераноның рекордын бұзды.

 

Осылайша, Аргентина құрамасы Америка кубогі додасының топтық кезеңінде 10 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. Сонымен қатар А тобынан Уругвай (7), Парагвай (6) және Чили (5) құрамалары келесі кезеңге өтті. Боливия құрамасы болса соңғы орын алып, жарысты аяқтады.

 

 

 

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 18:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30