Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Месси Аргентина құрамасындағы маңызды ойыншыны атады

16 желтоқсан 2022, 18:08

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси командасының сапындағы маңызды ойыншыны атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Хулиан Альварес Аргентина сапындағы ең маңызды ойыншы болатынына ешкім сенбеді. Ол өзінің деңгейін көрсете білді. Әлем чемпионатының барлық кездесуінде, соның ішінде, Хорватияға қарсы матчте керемет ойынымен есте қалды. Альварес - өте еңбекқор футболшы. Допты сезе алады. Тамаша шабуылдар ұйымдастыра алады. Ол - Аргентинаның бағына туған футболшы", - деді Месси Manchester Evening News басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Аргентинасы осыған дейін 2014 жылы Бразилиядағы мундиальдың финалына шыққан. Алайда ол кезде Германия командасы экстра-таймда гол соғып, чемпион атанған еді.