"Барселона" басшылығы Лионель Мессиді қатарына қайта қосуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Diario Sport"-қа сілтеме жасап жазды.
Жақын күндері каталондықтардың президенті Жоан Лапорта аргентиналықпен келіссөз жүргізеді. Егер Месси ПСЖ клубымен келісімшартын ұзартпаса 2023 жылдың жазынан бастап "блаугранада" ойнауы мүмкін.
Еске салайық, Лионель Месси 2003-2021 жылдары "Барселона" сапында алаңға 520 матчта шығып, 474 гол салды. Испаниялық клубпен Ла Лиганың 10 дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасын 4 рет жеңді.
Сонымен қатар, Месси Катардағы әлем чемпионатында Аргентинамен бірге алтыннан алқа тағынды.