Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қатарда өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысын атады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "РБ Спорт"-қа сілтеме жасап жазды.
Әлем чемпионаты 18 желтоқсанда мәресіне жетті. Финалда Аргентина пенальти сериясында Францияны ұтты.
"Қатардағы мундиальдың үздік ойыншысы кім дейсіз бе? Менің ойымша Де Пауль. Ол Аргентинаның чемпион атануына үлкен үлесін қосты. Көзге көрінбей көп жұмыс атқарды. Де Пауль өзінің ойынымен Мессиге қолқанат болды", - деді Адиев.
Еске салайық, оңтүстік америкалықтар өз тарихында үшінші рет әлем кубогін иеленді. Соңғы рет Аргентина командасы 1986 жылы Мексикадағы футбол тойында топ жарды.