Месси жазда ПСЖ-дан кетуі мүмкін - БАҚ

12 наурыз 2022, 15:24

Италиялық Tuttomercatoweb спорт порталы франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси осы маусымнан кейін футбол клубынан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ПСЖ-ны Чемпиондар лигасынан шығару - ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Лионель Месси маусымның соңында келісімшартты бұзуы мүмкін. Месси разы емес және Парижде де оның ықпалына наразы сияқты", - делінген порталда.
Журналистер Месси ПСЖ-де мүлдем бақытты көрінбейтінін атап өтті.

Портал мәліметінше, футболшының Барселонаға оралуы туралы гипотеза алдағы айларда жай ғана гипотеза болудан қалуы мүмкін. 

Қаңтарда le10sport.com "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду да франциялық "Пари Сен - Жерменге" ауысуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.