Футбол

Месси жұлдыз болатын 15 футболшыны атады

  • Сурет: AFP

    Сурет: AFP

Каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси болашақта қазіргі футболшылардың қайсы жұлдыз бола алады дегенге қатысты ойын айтты. Аргентиналықтың сөзін Give me Sport келтіріп отыр.

 

Месси 15 футболшыны атап, оларға аздаған сипаттама берді.

 

"Трент Александр-Арнольд ("Ливерпуль") - шабуылда тамаша ойнайтын қорғаушы. Болашақ соның қолында.

 

Кристиан Пулишич ("Челси") - тепе-теңдегі тамаша және епті.

 

Мейсон Маунт ("Челси") - ойындарын тамашалағанмын, ең мықтылардың бірі бола алады.

 

Фил Фоден ("Манчестер Сити") - ойында керемет дүниелер көрсете алады. Таланты зор жігіт.

 

Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) - қорғаушыларды алдап өтуі таңдандырады.

 

Лука Йович ("Реал") - ғажап ойыншы, қолдан келмейтінді жасайды.

 

Кай Хаверц ("Байер") - жасын ескерер болсақ, қақпа алдында өзін ұстауы таңырқатады.

 

Эдер Милитао ("Реал") - керемет талантты және сұмдық бәсекелес.

 

Усман Дембеле ("Барселона") - жаттығу қорқыны адам шошытады.

 

Уссем Ауа ("Лион") - аяғына доп тигенде өте байыпты және тамаша техникасы бар.

 

Френки де Йонг ("Барселона") - оның жасындағы пас берушілер арасында көзге оттай басылады.

 

Жоау Фелиш ("Атлетико") - әлемдегі ең жас ойыншылар арасындағы көзге бірден түсетіні.

 

Килиан Мбаппе (ПСЖ) - өте жылдам және шабуылды соңына дейін жеткізеді. Өте қауіпті.

 

Йозуа Киммих ("Бавария") - өте талантты қорғаушы, пас көп береді.

 

Бенджамин Павар ("Бавария") - тамаша қорғаушы, қақпаға алыстан соққы жасай алады", - дейді Месси.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31