Футбол

Месси жыл футболшысы атанды

  • Лионель Мессидің твиттер желісінен

    Лионель Мессидің твиттер желісінен

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Миланда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси ие болды деп хабарлайды kaz.vesti.kz.


Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық "Барселонаның" шабуылшысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Вирджейл Ван Дейкті (Ливерпуль) басып озды.


"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы төртіншіі рет табысталды. Мессиге дейін Роналду екі рет алса, өткен жылы Лука Модрич жеңіп алған.


Ла Скала театрында өткен марапаттау кешіне Криштиану Роналду келген жоқ.


ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.


Әйелдер арасында "The Best" сыйлығына Меган Рапино ие болды. Ал Юрген Клопп жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Өзге де үздіктер марапатталды.


Үздік қақпашы: Алиссон Бекер ("Ливерпуль")

Әйелдер арасында үздік қақпашы: Сари Ван Венендал (Нидерланд)

Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы: Джилл Элис (АҚШ құрамасы)

Жылдың үздік жанкүйерлері: Анасы мен зағип ұлы ("Палмейрас")

Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Даниэль Сзори

Fair Play марапатының иегері: Марсело Бьелса ("Лидс")


Үздік гол сыйлыған алған Даниэль Жори ("Дебрецен") болды. Дауыс беруде ол Лионель Месси ("Барселона") мен Хуан Кинтеродан ("Ривер Плейт") асып түсті.



"FIFA 2019" үздік ер футболшылар құрамы



"FIFA 2019" үздік әйел футболшылар құрамы



 


2


 


 


 


 


 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.09.2019, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30