Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мохамед Салах алдағы жоспарымен бөлісті

01 маусым 2022, 19:09

"Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салах клубпен жаңа келісімшарт туралы бітімге келе алмаса, командадан кетуге дайын. Бұл туралы vesti.kz тілшісі The Athletic ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Дереккөздің ақпараты бойынша, мысырлық шабуылшы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын алтыншы футболшы болғысы келеді. Бірақ "Ливерпуль" басшылары Салахтың мұндай талаптарына келіспей жатыр.

 

Соңғы алты айда Мохамед пен "Ливерпуль" басшылары бірде-бір кездесу өткізбеген. Ақырғы рет жаңа келісімшарт туралы сөз болғанда, екі тарап мүлде келісімге келмеген.

 

29 жастағы Салах "Ливерпуль" сапына 2017 жылы 42 миллион еуроға "Ромадан" ауысып келген болатын. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталады. Transfermarkt порталы шабуылшыны дәл қазір 100 миллион еуроға бағалап отыр.

 

Айта кетейік, биыл Салах "Ливерпуль" сапында барлық турнирлерде 50 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.