Футбол

"МЮ" футболшысы Чемпиондар лигасы матчінде Мессидің мұрнын бұзды

  • © Reuters

    © Reuters

Англиялық "Манчестер Юнайтед" қорғаушысы Крис Смоллинг Чемпиондар лигасы 1/4 финалы матчінде (0:1) каталондық "Барселона" форварды Лионель Мессидің мұрнын бұзды.


Оқиға 30-шы минутта болды. Смоллинг жоғарыдан келген допқа секіріп, Мессиді шынтағымен қағып жіберді. Аргентиналық бірден құлады. Дәрігерлер біраз уақытқа дейін оның мұрныннан саулаған қанды тоқтата алмады, осыған байланысты матч кезінде бірнеше минут үзіліс болды.


Алайда матчтің бас төрешісі италиялық Джанлука Рокки оқиға болған сәтте ереже бұзылғанын байқамай, ойынды сол сәтте тоқтатпаған. Сонымен бірге, Смоллингке сары қағаз да көрсетпеді.



Месси дәрігерлердің көмегінен кейін ғана алаңға оралды. AS.com жазуынша, аргентиналықтың мұрны қатты ісіп, тыныс алуы қиындаған - ол аузымен демалуға мәжбүр болды. Үзіліс кезінде "Барселона" дәрігерлері футболшыны тексеріп, мұрны сынбағанын анықтай алды.


Футболшының кеңсірігі шытынаған болуы мүмкін. Егер солай болған жағдайда Месси бірнеше матчке қатыспайды және сенбідегі Испания чемпионатындағы "Уэскамен" ойында болмайды. Алайда 16 сәуірде Барселонада өтетін "МЮ-мен" қарымтаға дайын болады.


 




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31