"МЮ" көшбасшысы көлік апатына ұшырады

18 сәуір 2022, 22:23

"Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш жол көлік апатына ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Порше" автокөлігін тізгіндеген ол басқа көлікпен соғысқан. Аталмыш оқиғадан кейін ешқандай тарап зардап шекпеді. Нәтижесінде Бруну "Манчестер Юнайтед" сапында алаңға шыға алады.

 

Еске салайық, Фернандеш 2020 жылы "Спортингтен" "қызыл сойқандар" сапына 63 миллион еуроға ауысты.

 

Қазіргі таңда transfermarket сайты футболшыны 90 миллион еуроға бағалап отыр.

 

Биылғы маусымда Фернандеш Англия чемпионатында 30 матчта алаңға шығып, 9 гол соқты жіне 6 нәтижелі пас берді.