Футбол

"МЮ" "Ювентусты" және Чемпиондар лигасының өзге тартысты ойындары

  • © Reuters©

    © Reuters©

Сегіз матчте 29 гол болды және үш қызыл қағаз көрсетілді. Чемпиондар лигасы топтық кезеңі төртінші турының шешуші сегіз матчі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Бавария" Е тобында грекиялық АЕК-ті ұтты - 2:0. Роберт Левандовски 31-ші минутта пенальтиден гол салды және 71-ші минутта дубль жасады. Бұл жеңілістен кейін АЕК плей-офф кезеңіне өту мүмкінідігінен айырылды.


Осы топтың қатар ойынында португалиялық "Бенфика" голландиялық "Аякспен" тең түсті - 1:1. 29-шы минуттағы Жонастың голына қонақтар 61-ші минутта Душан Тадичтің голымен жауап берді.


F тобында "Манчестер Сити" Донецк "Шахтерін" 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Габриэл Жезус 24, 72 және 91-ші минутта пенальтиден гол салып хет-трик жасады. Сонымен қатар, Давид Сильва, Рахим Стерлинг және Рияд Марез бір голдан салды.


Осы топтағы екінші ойын тартыстырақ болды. франциялық "Лион" мен германиялық "Хоффенхайммен" тең түсті - 2:2. 19-шы минутта алаң иелерінен Набиль Фекир, ал 28-ші минутта Танги Ндомбеле гол салды. 51-ші минутта Касим Адамс алаңнан қуылып, "Хоффенхайм" азшылықта қалды. Дегенмен 65-ші минуттағы Андрей Крамарич пен 92-ші минуттағы Павел Кадержабектің голы оларды жеңілістен сақтады.


G тобында мәскеулік ЦСКА италиялық "Ромадан" ұтылды - 1:2. Төртінші минутта Костас Манолас есеп ашты, алайда, 51-ші минутта мәскеуліктер Арнор Сигурдсонның голымен есепті теңестірді. 56-шы минутта ресейліктерден Хердур Магнуссон қызыл қағаз алды. Италиялықтар мұны пайдалана алып, 59-шы минутта Лоренцо Пеллегрини "Ромаға" жеңіс голын сыйлады.


Осы топтағы қатар ойында чехиялық "Виктория Пльзень" мадридтік "Реалдан" ойсырай жеңілді - 5:0. 20-шы минутта Карим Бензема есеп ашты, ары қарай 23-ші минутта Каземиро, 37-ші минутта Бензема дубль жасады, 40-шы миут Гарет Бэйл, ал 67-ші минутта Тони Кроос.


Күннің басты ойынында италиялық "Ювентус" Н тобында англиялық "Манчестер Юнайтедтен" ұтылып қалды - 1:2. 65-ші минутта алаң иелерінен Криштиану Роналдудың голымен алға шықты. Алайда португалиялықтың бұрынғы командасы қайсарлық танытып, ойын бағытын өзгерте алды - 86-шы минутта айып алаңынан Хуан Мата, ал 90-шы минутта Леонардо Бонуччи гол салды.


Қатар өткен ойында испаниялық "Валенсия" швейцариялық "Янг Бойзды" 3:1 есебімен ұтты. Алаң иелерінен 14-ші және 42-ші минутта Санти Мина, ал 56-шы минутта Карлос Солер допты қарсыластар қақпасына дәл бағыттады. Қонақтардан Роже Ассале 37-ші минутта жалғыз голды салды. Ал 77-ші минутта олар Секу Саного алаңнан қуылып, азшылықта қалды.


Чемпиондар лигасы топтық кезеңі бесінші турының матчтері 27 және 28 қарашада өтеді. Плей-офф кезеңіне ресми жолдама әзірге тек испаниялық "Барселонада".


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 14:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30