Футбол

Неймар Чемпиондар лигасының финалына қатыспауы мүмкін

  • Фото: Getty Images

    Фото: Getty Images

Бразилия ұлттық құрамасы мен франциялық ПСЖ-ның шабуылшысы Неймар "РБ Лейпциг" командасының қорғаушысы Марсель Хальстенбергпен жейде алмасқаны үшін Чемпиондар лигасының финалына қатыспауы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

Айта кетейік, 19 тамызда Чемпиондар лигасының жартылай финалында франциялық ПСЖ немістің "РБ Лейпциг" командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, дүбірлі доданың ақтық мәресіне жолама алған болатын.

 

Аталған матчтан кейінгі бразилиялық пен оның әріптесінің әрекеті биылғы УЕФА турнирлерін өткізу ережелерінің бір пунктін бұзып отыр. Атап айтқанда, коронавирус пандемиясына байланысты жаңа ережелерге сәйкес, футболшыларға жейде алмасуға тыйым салынған. Ондай жағдайда жейде алмасқан ойыншылар 12 күндік өзін-өзі оқшаулау режимінде болуы тиіс.

 

Осылайша, бразилиялық өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шығып отырған ПСЖ командасына шешуші матчта көмектесе алмауы әбден мүмкін.

 

Басты Еурокубоктың финалдық матчы 23 тамызға жоспарланған. Ақтық сында француздар "Бавария" – "Лион" жұбының жеңімпазымен кездеседі.

 

Айта кетейік, осы маусымда Неймар ПСЖ құрамында барлық турнирлерде 26 матчқа қатысып, 19 гол мен 12 нәтижелі пастың авторы атанған.

 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31