Обамеянг «Барселона» сапында да хет-трик жасады

21 ақпан 2022, 19:35

«Барселонаның» жұлдызды шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг алғашқы хет-тригін орындады.

 

32 жастағы габондық ХХІ ғасырда Францияның Лига 1 турнирінде, Германияның Бундеслигасында, ағылшынның Премьер-лигасы мен Испанияның Ла Лигасында хет-трик жасаған алғашқы футболшы атанды.

 

Бұл туралы Squawka хабарлайды.

 

Испания чемпионатының 25-турында «Барселона» «Валенсияны» 4:1 есебімен ұтты.

 

Хави шәкірттерінің ішінде Обамеянгтен бөлек Фрэнки де Йонг те мергендігімен көзге түсті.

 

Естеріңізде болса, Пьер-Эмерик дәл осы алаңда «Арсенал» сапында жүрген кезде де «Валенсияның» қақпасына үш гол соққан болатын.

 

 

 

24.kz