Футбол

"Ордабасы" президенті ойын нәтижесіне әсер ететін адамдар барын айтты

  • Бақтияр Байсейітов. Сурет

    Бақтияр Байсейітов. Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Қазақстандық футболда ойын нәтижесіне әсер ете алатын тұлғалар бар. Бұл туралы "Ордабасы" командасының президенті Бақтияр Бейсейітов YouТube желісіндегі "Смаковтың Баласы" арнасына берген сұқбатында айтты.

 

- Бізге ойынның нәтижесіне әсер ететін адамдар бар ма?

 

- Иә, ондай адамдар әлі де бар.

 

- Келісілген ойындар, сатылатын төрешілер бар ма?

 

- Көп емес, бірақ бар. Бұдан ешкім құтылмаған, құтыла да алмайды.

 

- Келісілген матчтарды қалай ұйымдастырады?

 

- Бұл жерде кейбір жеке тұлғалар немесе бір ұйым жұмыс істейді.

 

- Бұдан қалай құтылуға болады?

 

- Бұл ағысқа қарсы жүзгенмен тең ғой. Барлық адамды ұстап, түрмеге жабады. Ары қарай не болады? Барлық тотализаторларды алып тастайық. Бірақ оны ешкім істемейді ғой.

 

- Өміріңізде бәс тігіп көрдіңізбе? Мысалы, өз командаңызға немесе командаңызға қарсы.

 

- Ешқашан бәс тіккен емеспін.

 

- Осыдан үшін жыл бұрын әлеуметтік желіде сіздің "Ақтөбе" басшыларының бірімен телефон арқылы сөйлескен даулы әңгімеңіз шықты. Осы туралы айта аласыз ба?

 

- Қазір техинка дамыған заман. Ал менің дауысым танымал. Оның қолдан жасауға болады. Бұл әңгімені де қолдан жасаған. Фамилиясын атағым келмейді. Бірақ кейін бұл адам "Ақтөбе" сосын "Ертісті" ал қазір Смаковқа қарсы осындай әрекет жасап жатыр. Кейін бұл өтірік дүние екені анықталды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Еске салайық, 68 жастағы Байсейітов шымкенттік команданың президенті болып 2017 жылы тағайындалды. Ал 2016 жылы "Ордабасы" командасы бұл маманның бапкерлік бастамасымен төртінші орын алды. Оған дейін Байсейітов "Қайрат" пен "Атырау" секілді командаларды және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған.
 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31