Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Поль Погба Роналду туралы ойын айтты

26 желтоқсан 2022, 15:35

"Ювентус" ойыншысы Поль Погба телеэфирдің бірінде Криштиану Роналдудың ойынына қатысты пікір білдірді. Португалиялық шабуылшы "Манчестер Юнайтедке" ауысарға дейін екі футболшы италилық клубта бірге ойнады , - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Daily Mail"-ге сілтеме жасап жазды.

"Тәртіпке беріктігі керемет, ондайды бұрын көрген емеспін, өзгелермен салыстырғанда басқа деңгей. Кәсіпқой футболшылардың жаттығуға ертерек келетінін көремін, қалыпқа келу процедураларын жасайды, бірақ Криштиану Роналду ғана мұны үздіксіз күнде істейді! Кейде ойлайсың - ой қойшы, менде бәрі дұрыс қой деп. Ал ол бір күнді де жібермейді. Мұндай тәртіп - ерекше бір дүние", - дейді Погба.

 

Еске салайық, Роналду "Ювентустен" жазда "МЮ-ге" ауысқан, ал қазіргі таңда клубсыз жүр.