Футбол

Полиция Роналдудың 10 жастағы ұлына қатысты тергеу бастады

  • Сурет: Football.ua

    Сурет: Football.ua

Мадейра аралының полициясы "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдудың 10 жастағы ұлы гидроцикл басқарған видеоға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды The Sun.

 

Видеоны Роналдудың әпкесі Элма Авейру әлеуметтік желіде жариялаған. Португалиялық баспасөз видео сенбіде, Мадейра маңындағы Пол-ду-Марда түсірілгенін хабарлап отыр. Теңіз полициясының басшысы Геррейро Кардосу гидроцикл басқару үшін шкипер лицензиясы қажет, ал оны ересектер ғана ала алатынын, сондықтан тергеу басталғанын растады.

 

Ал ондай рұқсатсыз гидроцикл басқарған үшін 268-ден 2,6 мың фунтқа дейін айыппұл қарастырылған екен. Ал фирмалар мен жеке адамдарға айыппұл көлемі 10,7 мың фунтқа дейін барады.

 

Видео дүйсенбіде Элманың әлеуметтік желісінен өшірілген, дегенмен, ол Роналдудың ұлы мен оның анасы Долреспен түскен басқа суреттер жариялаған.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31