ПСЖ Неймарға қатысты шешім шығарды

23 мамыр 2022, 23:10

ПСЖ клубы жазғы трансферлік маусымда Неймарды сатылымға қояды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Le Parisien басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Аталмыш трансферге команданың басшылары тікелей мұрындық болып отыр. Бразилия құрамасының жарық жұлдызы париждік клубтан кетуіне Киллиан Мбаппенің жаңа келісімшартына байланысты болуы мүмкін.

 

Әзірге аптасына 580 мың еуро айлық алатын Неймардың қай командаға ауысатыны белгісіз.

 

Биылғы маусымда Неймар ішкі чемпионатта 28 матч өткізіп, 13 гол соқты. Сонымен қатар, сегіз рет нәтижелі пас берді. Жалпы 2017 жылдан бері ол ПСЖ сапында 92 ойында 69 гол салды.