Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ПСЖ «Реал» ойыншысын сатып алады

05 тамыз 2020, 13:41

«Реал Мадрид» пен Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Пари Сен-Жермен» сапында жалғастыруы мүмкін, деп жазды Prosports.kz.

 

Ойыншының агенті Жорже Мендеш оны франциялық клубқа ұсынды.

 

29 жастағы жартылай қорғаушыға англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы да қызығушылық танытып отыр. Бірақ олар Хамес үшін 25 миллион еуро ұсынды, ал «Реал» оны кем дегенде 35 миллионға сатқысы келеді.

 

Ал ПСЖ мадритік клубтың сұраған ақшасын төлеуге дайын.

 

Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.