"Реал" бас бапкері Карло Анчелотти Қатардағы әлем чемпионатында Аргентинаның жеңісіне қатысты ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Аргентина лайықты түрде жеңіске жетті. Олардың командасында көптеген мықты ойыншылар бар. Ең маңызды футболшы ол әрине Лионель Месси. Ол нағыз көшбасшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді", - дейді Анчелотти.
Еске салайық, Қатардағы мундиальдың финалында Аргентина құрамасы Францияны пенальти сериясында ұтып, өз тарихында үшінші рет чемпион атанды.