"Реал" Бенземаға қатысты нақты шешім қабылдады

18 қазан 2021, 18:56

"Реал" шабуылшы Карим Бенземаға жаңа келісімшарт ұсынбақ. Бұл туралы Goal.com хабарлап отыр. Жаңа келісім 2025 жылға дейін есептелген екен.

 

Осылайша, мадридтік клуб Бенземаны жоғары бағалайтынын білдірмек. Бұл испаниялық клуб сапына ПСЖ форварды Килиан Мбаппе ауысып келеді деген ақпаратқа байланысты жасалған амал көрінеді.

 

33 жастағы франциялық биылғы маусымда "Реал" үшін сегіз матчке қатысып, тоғыз гол салды және жеті ассист жасады. Футболшының қазіргі келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған еді.

 

Айта кетейік, Бензема "Алтын допқа" биылғы үміткерлердің бірі.

kaz.vesti.kz