«Реал» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

29 мамыр 2022, 10:14

Париждегі «Стад де Франс» стадионында ағылшындық «Ливерпуль» мен испандық «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бастапқы құрамдар мынадай болды:

 

Ливерпуль:

 

Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах

 

Реал Мадрид:

 

Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема.

 

Ойындағы жалғыз голды кездесудің 59-минутында Винисиус Жуниор соқты. Бұл матчтағы «Реал Мадридтің» қақпаға бірінші ресми соққысы болды.

 

Испандық клуб өз рекордын жаңартып, тарихта 14-ші рет Еуропа кубогының басты турнирін жеңіп алды.