"Реал" Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

15 сәуір 2021, 18:37

Мадридтік "Реал" 1/4 финалда "Ливерпульді" жарыс жолынан шығарып, Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты.

 

Ливерпульдің "Энфилд" стадионында өткен қарымта кездесуде командалар тең түсті - 0:0. Ал бірінші ойын 3:1 есебімен "Реал" пайдасына аяқталған еді.

 

OptaJose статситикалық порталының твиттер желісіндегі ақпараты бойынша, "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына 14-ші рет шығып отыр. Бұл турнир тарихындағы ең мықты көрсеткіш.  Мадридтіктерге ең жақын "Барселона" мен "Бавария" - ЧЛ жартылай финалына 12 реттен шыққан.

 

Осы уақытта "Реал" жеті рет турнир жеңімпазы болған екен - бұл да үздік көрсеткіш. 1/2 финалда Зинедин Зиданның командасы "Челсимен" ойнайды.

 

Екінші жұп "Пари Сен-Жермен" және "Манчестер Сити". Бірінші ойын 27 сәуірде, ал қарымта - 4 мамыр.

 

 

kaz.vesti.kz