"Реал" клубына бас бапкер тағайындалды

13 қараша 2018, 10:56

Қазан соңында Хулен Лопетеги отставкаға кеткеннен кейін ол негізгі құраманың тізгінін алды.

"Мадридтік "Реал" аргентиналық Сантьяго Солариды бас бапкер ретінде тағайындады, - деп хабарлайды Marca.

Басылым мәліметінше, клуб Испания корольдік футбол федерациясына (RFEF) құжаттар жіберген. Онда Соларидың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын растайтыны жазылған.

Осылайша, Солари "Реалды" маусым аяқталғанға дейін басқарады. Осыған дейін, ол уақытша міндетін атқарушы қызметінде екі апта болған, алайда Испания чемпионатының ережесіне сай клуб нақты бір адамды бас бапкер ретінде тағайындауы тиіс.

Айта кетейік, Солари бұрындары "Реал" клубының жастар құрамасы - Кастильяны басқарған. Қазан соңында Хулен Лопетеги отставкаға кеткеннен кейін ол негізгі құраманың тізгінін алды. Төрт ойын өткізіп, төрт ойында да жеңіске жетті.

vesti.kz