"Реал" Лука Модричке қатысты шешім қабылдады

21 мамыр 2023, 11:08

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубпен жаңа келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Фабрицио Романоның сөзінше, жаңа келісім 2024 жылға дейін жасалды. Ресми ақпарат жуырда жария етіледі.

 

Модрич "Реал" сапында 2012 жылдан ойнап келеді. Биылғы маусымда ол команда үшін барлық турнирде 48 матчке қатысып, алты гол салды және алты асисст жасады.