Футбол

«Реал Мадрид» – «Шахтер» арасындағы ойында күтпеген есеп тіркелді

  • https://sportarena.com/

    https://sportarena.com/

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі кезекті ойындар аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«В» тобындағы «Реал Мадрид» &ndash «Шахтер» арасындағы ойында күтпеген есеп тіркелді. Кездесудің 29-минутында украиналық команданың футболшысы Тете есеп ашты. Мұнан соң «Шахтер» есепті еселеді.

 

«Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол кіргізіп алды.

 

Украина командасының шабуылы мұнымен тоқтаған жоқ. Бірінші таймның соңына таман шабуылшы Манор Соломон «Шахтердің» үшінші голын соқты.

 

«Реал» екінші таймда тың өзгерістер енгізді. Шабуыл шебіне француз Кәрім Бензема қосылды. Модрич пен Жуниор корольдік клубтың сапында көзге түсті. Қорытынды есеп &ndash 2:3.

 

Осылайша, «Шахтер» атақты «Реалды» жеңіп, топтық кезеңнің сенсациясын тіркеді.

 

«А» тобында Германияның «Зальцбург» командасы мен Ресейдің «Локомотиві» сынға түсті.

 

Ойын жылдам шабуылдармен басталып, ресейліктер үшін жемісті болды. 19-минутта шабуылшы Эдер қарсыластар қақпасынан саңылау тапты.

 

Немістердің жауабы көп күттірген жоқ. Ойынның бірінші бөлігіне жақын тұста Доменек Собослай таразы басын теңестірді.

 

Қарсыластар екінші таймда бір-бір голдан соғып, тең тарқасты.

 

Гол авторлары: Лисакович пен Юнузович.

 

 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 08:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 21:20
    ӨЛМЕЙДІ МАРАДОНА!!!
    26 Қараша, 20:32
    Марадона деген екен...
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30