Футбол

«Реал Мадрид» трансферге 303 миллион евро жұмсады

  • egemen.kz

    egemen.kz

Осыған дейін Францияның «Лионында» ойнаған Ферлан Менди Испания Премьер-лигасында өнер көрсететін Мадридтің «Реал» клубының жейдесін киді.


Сол қапталдағы қорғаушымен корольдік клуб алты жылдық келісімшартқа отырды. Тені сенегалдық футболшының траснферлік құны 48 миллион евроны құрап отыр. Осыған дейін Менди «Гавр» мен «Лионнның» сапында ойнады. Былтырғы маусымда ол Францияның ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді.


Осылайша, «Реал» жаңа ойыншыларды сатып алу жағынан өзінің бұрынғы рекордын жаңартты. Биыл олар өз командасын күшейту мақсатында 303 миллион евро жұмсады. Биыл мадридтік команданың қатарына Ферлан Мендиден бөлек, бельгиялық Эден Азар («Челси», 100 миллион евро), сербиялық Лука Йович («Айнтрахт», 60 млн.) және бразилиялық Эдер Милитан («Порту», 50 млн.) мен Родриго Силва де Гоис («Сантос», 45 млн.) қосылды.


Ал бұрынғы рекордтың мұрты 10 жыл бойы бұзылмай тұрған еді. Ол кезде «Реал» 258,5 миллион евро жұмсап, Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», 94 млн.), Кака («Милан», 67 млн.), Кәрім Бензема («Лион», 35 млн.), Хаби Алонсо («Ливерпуль», 34,5 млн.), Рауль Альбиоль («Валенсия», 15 млн.), Альваро Негредо («Альмерия», 5 млн.), Альваро Арбелоа («Ливерпуль», 4 млн.) және Эстебан Гранеро («Хетафе», 4 млн.) сынды саңлақтарды өз сапына қабылдады. 


egemen.kz




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30