«Реал» мен «Ювентус» Суперлига құруға ниетті
«Ювентус» пен «Реал Мадрид» басшылығы Суперлига құру үшін белсенділік танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
 
Аталған клубтар тіпті УЕФА-ның ескертуін құлаққа да ілер емес.
 
Алайда ФИФА мен УЕФА жаңа турнирде ойнауға келіскен клубтар жазаланады деген ультиматум бергеннен кейін, көптеген клуб бұл идеядан бас тартты.