Футбол

"Реал" Моуриньюмен келісімшартқа отырмақ

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Мадридтік "Реал" 10 наурызда португалиялық бапкер Жозе Моуриньюмен келісімшартқа отырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz испаниялық AS газетіне сілтеме жасап.


Дереккөздің ақпараты бойынша, клуб басшылығы Моуриньюдің агентімен келіссөз жүргізген.


"Реалдың" президенті Флорентино Перес қазіргі бапкер Сантьяго Солариді тезірек қызметінен босатпақ. Перес Испания чемпионатының 27-турында "Вальядолидке" қарсы ойында Соларидің бапкер болғанын қаламайды.


AS мәліметіне сүйенсек, "Реал" командаға Зинедин Зиданның оралғанын қалаған. Бірақ француз бапкерін бұл ұсыныс қызықтырмаған.


Бұған дейін британиялық The Telegraph Моуриньюдің Мадридке оралу мүмкіндігі жоғары екенін хабарлаған еді. Еңбек келісімінің қанша жылға жасалатыны белгісіз.


Португалиялық маман "Реалда" 2010-2013 жылдар арасында жұмыс істеген болатын.


Биылғы маусымда "Реал" Чемпиондар лигасы мен Испания кубогынан ұшып кетті. Сондай-ақ, ұлттық чемпионатта үшінші орында келеді. Команда көш басындағы "Барселонадан" 12 ұпайға қалып тұр.


 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жұма, 08.03.2019, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30