Футбол

"Реал" Серхио Рамостың орнын басатын футболшыны тапты

  • Серхио Рамос. Сурет: Reuters©

    Серхио Рамос. Сурет: Reuters©

Мадридтік "Реал" жазғы трансферлік кезеңде қорғаныс шебіне жаңа футболшыларды сатып алмақшы. Бұл туралы COPE хабарлап отыр.

 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "корольдік клуб" әлі де команданың капитаны Серхио Рамосқа жаңа келісімшарт ұсынбапты. Оның шартнамасы маусым соңында аяқталады.

 

Команданың президенті Флоринтино Перес 34 жастағы қорғаушыға келісімшартын ұзарту туралы ұсыныс жасаған. Бірақ әлі екі тарап отырып, келіссөздер жүргізбеген.

 

Енді жазда Рамостың орнына "Реал" сапында "Вильяреал" қорғаушысы Пау Торрес ауысуы мүмкін. Торрес Рамостың орнын баса алады деп айтылып жатыр.

 

Торрес "Вильяреал" тәлімгері. Бұл команда сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Биыл 23 жастағы қорғаушы Испания біріншілігінде 17 ойынға қатысып, екі гол соққан.

 

Рамос болса "Реал" сапында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін "Севилья" намысын қорғаған. 34 жастағы қорғаушы мадридтік командамен 22 жүлде жеңіп алған.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30