«Реалдың» бес ойыншысы коронавирус жұқтырды

17 желтоқсан 2021, 11:51

«Реал Мадрид» футбол клубының 5 ойыншысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атап айтқанда Лука Модрич, Гарет Бэйл, Марко Асенсио, Родриго Гоэс, Марсело және бас бапкердің көмекшісі Давиде Анчелоттидің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Соған қарамастан осы аптаның соңында өтетін «Реал» – «Кадис» матчы кейінге шегерілмейді.

24.kz