Футбол

"Реалдың" тағы үш футболшысы "Ювентуске" ауыспақ

  • © Merengues.ru

    © Merengues.ru

Мадридтік "Реал" жақын арада бірнеше футболшысынан айырылуы мүмкін, олар Криштиану Роналдудың артынан туриндік "Ювентуске" ауыспақ.


Eurosport мәліметінше, мадридтіктер сапынан қорғаушы Марсело, жартылай қорғаушы Лука Модрич (2018 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы), шабуылшы Марко Асенсио және қақпашы Кейлор Навас кетуге дайындалып жүр.


Еске салайық, Роналдудың трансферіне "Ювентус" 100 миллион еуро және қосымша шығын үшін 12 миллион берді. Португалиялық "Реал" сапында 2009 жылдан ойнап, 438 матчте 451 гол салды. Клуб тарихындағы үздік бомбардир атанды және төрт рет Чемпиондар лигасын ұтқан болатын.


Жоғарыда аталған футболшылардан ең бірінші болып кетуге дайын жүрген Марсело. "Реал" сапында Роналдумен аралас-құралас болған, сондықтан бұл түсінікті де. Бразилиялық Мадридтен жалығып, досын сағынған сияқты. Бір орында 10 жыл тым көп, әсіресе, қызу қанды латынамерикалықтар үшін. Әрине ресми түрде Марсело мұны жоққа шығарып отыр, алайда, қорғаушыны алып қалу үшін "Реалға" күш салу қажет.


Келесі - Модрич. Хорват "Ювентустың" негізгі нысаны. Біріншіден, Лукаға "Интер" де қызыққан болатын. Екіншіден, әлемдегі ең мықты жартылай қорғаушыларды жинақтау үшін. Үшіншіден, өз сапынан Чемпиондар лигасының тағы бір жеңімпазын көру үшін.



Асенсио мадридтіктер сапында дамымай жүргенін және Роналдудың орнын бас алмайтынын өзі де сезуде. Сондықтан ең абзалы Италияға барып, күш жинаған соң дайын көшбсшы ретінде қалаған жағыңа бару.


Ал Кейлор Навастың ұмтылысы әбден түсінікті. Ол мадридтіктерді үш Чемпиондар лигасында алып шықты, ал оны болса жақсы жарнамаланған Тибо Куртуамен ауыстыра салды. Енді Кейлор "Ювентусқа" сұранып отыр, алайда, ол Аллергиге қажет пе белгісіз", - делінген ескермеде.  




Көрілген: 1806    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.11.2018, 16:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30