Футбол

Роналду 281 млн теңге тұратын сағатпен көзге түсті (фото)

  • Фото: Instagram/euro_scope

    Фото: Instagram/euro_scope

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат Rolex GMT Master Ice сағатымен көзге түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Шетілдік БАҚ мәліметінше, аталған аксессуардың бағасы 371 мың фунтты құрайды (281 миллион теңге).

Қол сағат ақ алтыннан жасалып, гаухар тастарымен безендірілген.

Еске сала кетсек, осыған дейін 2019 жылы Instagram арқылы ең көп қаржы тапқан жұлдыздардың тізімі жарияланған.

Көшті Криштиану Роналду бастап тұр. "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы өткен жылы 34 жарнамалық жазба жариялаған.

Осы қызметі арқылы футболшы демеушілерінен 38,2 миллион фунт алды (19,8 млрд теңге).

Демек оның Instagram-дағы бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

Роналду әлемдегі ауқатты спортшылардың қатарында.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, оның қазіргі уақыттағы байлығы 300 миллион еуродан асқан.

Футболшының байлығын сүйіктісіне мұра етіп қалдыратыны жайыл ақпарат та тараған болатын.

Испаниялық AS басылымының мәліметінше, 34 жастағы футболшы өз адвокаттарымен кездесіп, аталмыш құжат мәселесін талқылап та үлгерген.
 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 22:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31