Футбол

Роналду әлемдегі ең көп гол соққан үшінші футболшы атанды

  • https://www.vesti.ru/

    https://www.vesti.ru/

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду дүниежүзіндегі ең көп гол соққан үшінші футболшы атанды. Оның алдын бразилиялық Ромарио мен футбол королі Пеле орап тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.


"Ювентус" сұрмергені Италия чемпионатының 25-ші турында екі гол соғып, клубына кезекті үш ұпайды сыйлады.

 

Бұл португалиялықтың ресми кездесулердегі 722 голы. Осының арқасында Роналду 720 рет қақпашылардан айласын асырған неміс футболшысы Герд Мюллерді басып озып, көп доп соққан үшінші ойыншы атанды.

 

Рейтингтің бірінші сатысында 767 голы бар Пеле тұр. Екінші орынға футбол королінің отандасы Ромарио жайғасқан. Бразилиялық мансабында 734 доп соқты.

 

Айта кетейік, Криштиану Роналду өткен маусымда дүниежүзі бойынша Instagram желісі арқылы ең көп пайда тапқан адам болды.

 

Футболшы 2019-да 34 жарнамалық жазба жариялаған.

 

Осы қызметі арқылы "Ювентус" шабуылшысы демеушілерінен 38,2 миллион фунт алған (19,8 млрд теңге).

 

Демек оның Instagram желісіндегі бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 13:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30