Роналду әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

31 желтоқсан 2022, 16:01

37 жастағы португалиялық форвард Криштиану Роналду футбол тарихында табысы ең жоғары футболшы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Marca"-ға сілтеме жасап жазды.

Жарнамалық келісімшарттарды қоса алғанда Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында футболшыға бір маусымда 200 миллион еуро төленеді. Бұған дейін ешбір футболшыда мұндай келісімшарт болмаған.

 

Осыған дейін әлемдегі ең қымбат футболшы Килиан Мбаппе еді, Катардағы ӘЧ-ден кейін оның құны 180 миллион еуроға дейін барған болатын.