Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

11 қазан 2021, 09:31

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду халықаралық матчтарда гол салу саны бойынша рекорд орнатты, делінген Twitter-дегі "Манчестер Юнайтед" парақшасында.

 

Форвард 3:0 есебімен португалдықтар жеңген Катар командасына қарсы жолдастық матчта ерекше көзге түсті. Бұл құрама футболшының гол салған 46-шы құрамасы.

 

Сондай-ақ, шабуылшы құрамадағы гол саны бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Енді оның активінде 181 матчтан 112 гол бар.

 

Роналду Португалия құрамасы құрамында 2016 жылы Еуропа чемпионы болды, Еуро-2004-те күміс және 2012 жылы құрлықтық біріншілікте қола алды.

 

Сондай-ақ, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды.

 

Айта кетсек, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» футбол клубында 2003-2009 жылдары өнер көрсетті. Сол жылдар аралығында ол 292 матч өткізіп, 118 гол соқты.

 

Роналду мүше болған сәтте МЮ құрамасы 3 рет (2007, 2008, 2009) Англия чемпионатында жеңіске жетті.

 

Одан бөлек, 2008 аталған клуб Лигалық чемпионаттың жеңімпазы атанды.

 

 

 

kaz.nur.kz