Роналду мансабында 60-рет хет-трик жасап, рекорд орнатты

17 сәуір 2022, 18:26

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 60-хет-трикін жасап, футболшылар арасында рекорд орнатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) 33-ші турындағы ойында "Норвич Ситиді" 3:2 есебімен ұтты. Бұл матчте Криштиану Роналду зет-трик жасады. Үшінші голды португалиялық "Манчестер Юнайтед" футболшысы айып добынан соқты.

 

Роналду осы маусымда екінші рет хет-трик жасап отыр. Бұған дейін "Тоттенхэм" қақпасына үш гол соққан (3:2). Сондай-ақ, ол маусымда бесінші рет екі немесе одан да көп гол соқты.

 

Криштиану мансабында 60-шы хет-трик жасады (оның оны Португалия құрамасы сапында). Бұл барлық футболшылар арасындағы үздік нәтиже. Роналдудың артынан "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси келеді, оның мансабында 55 хет-трик бар.

 

37 жастағы Роналду "МЮ" сапына 2021 жылы қайта қосылған еді.