Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

31 желтоқсан 2022, 22:59

Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы - "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан жасақталған команда болмақ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Матч қаңтар ортасына жоспарланған.

 

Еске салайық, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында.

 

Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапына қосылғаны белгілі болды.

 

Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.