Роналду мен Месси Чемпиондар лигасы ширек финалында ойнай алмайды

11 наурыз 2021, 12:52

Каталондық "Барселона" қарымта матчте ПСЖ-мен тең түсіп (1:1), Чемпиондар лиасы 1/4 финалына шыға алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

 

"Камп Ноу" стадионында өткен бірінші кездесу франциялық клубтың жеңісімен аяқталды - 4:1.

 

Одан бір күн бұрын "Ювентус" те Чемпиондар лигасынан шығып қалды, екі ойын қорытындысы бойынша туриндік команда "Порту" клубынан ұтылды.

 

Осылайша, "Барселона" мен "Ювентус" ойыншылары Лионель Месси және Криштиану Роналду 2004/05 маусымынан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының ширек финалында ойнай алмайды. Ол кезде каталондықтар 1/8 финалда лондондық "Челсиден" ұтылған (2:1, 2:4), ал сапында Роналду ойнаған "Манчестер Юнайтед" италиялық "Миланға" есе жіберген (0:1, 0:1).