Футбол

Роналду мен Месси үстемдігі аяқталғандықтан "Алтын доптың" кміге табысталатыны айтылды

  • ФИФА сайтынан

    ФИФА сайтынан

Италиялық белгілі спорт журналисті Танкреди Палмери 3 желтоқсанда өтетін "Алтын доп" жүлдесін табыстау салтанатты шарасына қатысты ақпаратпен бөлісті.


Оның мәліметінше, бйыл жылдың үздік футболшысы Антуан Гризман болады. Өткен маусымда ол мадридтік "Атлетикомен" Еуропа лигасын ұтып, Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған.


Әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшы


"Инсайдерлер "Алтын доп" Гризманға табысталатынын айтады. Жарайды, көрейік", - дейді журналист.


27 жастағы Гризман Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) нұсқасы бойынша жыл футболшысы номинациясының үштігіне енбей қалған еді. Бұл сыйды мадридтік "Реалдың" және Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленген.


Айта кетейік, каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси және туриндік "Ювентус" форварды Криштиану Роналду "Алтын доп" сыйлығына үміткерлер үштігіне кірмеген. Бұған бір себеп Месси мен Роналдудың әлем чемпионатында көзге түспеуі.


Еске салайық, Роналду мен Месси соңғы он жылда "Алтын допты" кезектесіп алып келген - бес-бестен. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық Кака алған.


 vesti.kz




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.11.2018, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30