Роналду Мессидің рекордын жаңартты
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында "Барселона" форварды Лионель Мессидің рекордын жаңартты, деп хабарлайды "Чемпионат".
 
Бұл топтық кезеңнің бесінші турында болды, онда "Ювентус" өз алаңында киевтік "Динамоны" 3:0 есебімен ұтты.
 
Бұл ойында бір голды Роналду салды. Португалиялық өз алаңындағы 71-ші голды Чемпиондар лигасында салып, осы көрсеткіш бойынша Мессидің рекордынан (70 гол) асып түсті. Сонымен қоса, Роналду карьерасындағы 750-ші голын салған.
 
"Барселона" (15) және "Ювентус" (12) Чемпиондар лигасы 2020/21 маусымының плей-офф кезеңіне өтіп тұр.