Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Роналду ПСЖ командасына ауысқысы келген

04 тамыз 2020, 15:02

Туриндік "Ювентус" командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду франциялық "Пари Cен-Жермен" командасына ауысқысы келген.

 

France Football басылымының жазуынша, шабуылшы "Ювентустің" Чемпиондар лигасындағы 22 қазан күні "Локомотивке" қарсы кездесуде ойынына көңілі толмаған.

 

Португалиялық футболшы бұл жағдайға ашуланып Андреа Аньелли, Павел Недвед, Джанлуиджи Буффон және футболшының агенті Жорже Мендеш қатысқан матч соңындағы жиналыста айтыпты.

 

Содан кейін Роналду ПСЖ командасына ауысу туралы ойлаған. Ол Неймар мен Килиан Мбаппенің қасында ойнағысы келгенін айтқан. Бразилиялық шабуылшымен Роналду жақсы араласады, ал франциялық шабуылшының ойыны оған ұнайды. Сонымен қатар ол Парижде тұрғысы келіпті.

 

Алайда коронавирус пандемиясы Роналдуды бұл райынан қайтарған. Футболшыға жақын адамдардың айтуынша, ол пандемияға дейін ПСЖ сапына ауысуға жақын болыпты.

 

Биыл Роналду "Ювентус" сапында Италия біріншілігінде 33 кездесуге қатысып, 31 гол және алты нәтижелі пас берген. Туриндік клуб шабуылшыны 2018 жылы "Реалдан" 112 миллион еуроға сатып алған тұған.

 

Италия біріншілігінің қорытындысы бойынша "Ювентус" топ жарып, қатарынан тоғызыншы рет чемпион атанды.

 

kaz.vesti.kz