Футбол

Роналду "Ювентуспен" алғашқы трофейін иеленді

  • © twitter.com/Cristiano

    © twitter.com/Cristiano

Туриндік "Ювентус" Италия Суперкубогы үшін матчте "Миланды" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ойын Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы "Кинг Абдулла Спортс Сити" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз допты 61-ші минутта шабуылшы Криштиану Роналду салды.


73-ші минутта "Миланның" жартылай қорғаушысы дөрекі ойын үшін бірден қызыл қағаз алып, ойыннан шығып қалды.


Осылайша, "Ювентус" рекордты сегізінші рет қатар Италия Суперкубогын иеленіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша "Ювентус" Кубокты жеті рет иеленген "Миланнан" асып отыр.


Бұл 2018 жылы жазда мадридтік "Реалдан" италиялық "Ювентуске" аусқаннан кейін Роналду үшін алғашқы трофей. Португалиялықтың трансфері 112 миллион еуро болды.


Роналду үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" сыйын бес рет иеленген. 33 жастағы Чемпиондар лигасын да бес рет ұтқан, ал Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған.


 




Көрілген: 905    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.01.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30