Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Роналдудың "Әл-Насрмен" келісімшартының тосын жақтары айтылды

23 желтоқсан 2022, 15:20

Криштиану Роналдуға "Әл-Наср" клубы ұсынып отырған келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Marca"-ға сілтеме жасап жазды.

Португалиялық футболшыға ресми ұсыныс бүгін жасалуы мүмкін. 

 

Келісім бойынша Роналдуға футболшы ретінде тағы 2,5 жыл ойнауға ұсыныс жасалады, одан кейін ол 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Грекия мен Мысыр беретін ортақ өтініш елшісі бола алады.

 

Егер Роналду бұған келіссе, арабиялық клуб үш ойыншыны сапынан шығармақ. 

 

Еске салайық, мұның алдында 2025 жылға дейін "Әл-Наср" Роналдуға жылына 200 миллион еуро төлеуге дайын екені белгілі болды. Ал енді 2030 жылы ӘЧ-ге сұраныс елшісі болса Криштиануға үстеме ақы төленбек.