Футбол

Роналдудың ізбасары Еуропаның ең үздік жас футболшысы атанды

  • https://xsport.ua/

    https://xsport.ua/

Португалия құрамасы мен мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Жоау Фелиш Еуропаның 2019 жылғы ең үздік жас футболшысы атағын жеңіп алды. Дауыс беру нәтижесінде Криштиану Роналдудың жерлесі әрі ізбасары Джейдон Санчоны артта қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Дауыс беруді Tuttosport басылымы 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында жүргізді.

Оған спорт журналистері қатысты.

Еуропаның ең үздік жас футболшысы атағын жеңіп алған футболшы жазғы ауысым кезінде "Атлетико" ойыншысы атанған. "Бенфика" шабуылшыны мадридтік клубқа 126 миллион еуроға сатты.

Фелиш 332 дауысқа ие болды.

Екінші орынды 175 балл жинаған Англия мен "Боруссия" футболшысы Джейдон Санчо місе тұтты.

Үшінші орынды "Байер" ойыншысы Кай Хаверц алды.

Еуропалық үздік клубтар көз тіккен шабуылшы Эрлинг Холанн тізімнің төртінші сатысына жайғасты.

Өткен жылы осы атақты жеңіп алған "Ювентус" қорғаушысы Маттейс де Лигт алғашқы бестікті қорытындылады.

Айта кетейік, бұл жүлдені Уэйн Руни, Лео Месси, Килиан Мбаппе сынды футбол жұлдыздары жеңіп алған.

 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 10:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29