Роналдуға Чемпиондар лигасында өнер көрсететін клуб ұсыныс жасады

30 желтоқсан 2022, 15:14

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду карьерасын Еуропалық клубта жалғастыра алады. Бұл туралы катарлық инсайдер Мохаммед Әл-Кааби жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасында өнер көрсететін еуропалық командадан ұсыныс түскеннен кейін футболшының агенті Жорже Мендеш "Әл-Наср" клубымен келіссөзді тоқтатыпты.

 

Алайда ол нақты қай команда екені айтылмай отыр.

 

Мұның алдында Роналду мол қаржы ұсынған Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуға жақын екені хабарлаған болатын.