Самат Смақов Қырғызстан президентімен бір командада «Барселона» ардагерлеріне қарсы ойнайды

21 тамыз 2023, 09:01

 Қазақстан футболының ардагерлері Самат Смақов пен Андрей Карпович Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге «Азия аңыздары» командасының құрамында испаниялық «Барселона» ардагерлерімен достастық матч өткізеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте өтетін достастық матчта Испанияның «Барселона» клубының ардагерлеріне қарсы ойнайды», деп келтіреді «Кабар» агенттігі президент әкімшілігі ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбековтің сөзін.

 

Матч 30 тамызда Долон Омурзаков атындағы стадионда өтеді, басталуы – 20:00-де.

 

Қырғызстан басшысы енген «Азия аңыздары» командасының құрамында Қазақстан футболының ардагерлері Самат Смақов пен Андрей Карпович та бар. Сондай-ақ Қытай, Түрікменстан, Жапония, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің танымал спортшылары кіріп отыр. Олар Роналдиньо, Ривалдо сынды футбол жұлдыздарына қарсы ойнайды.

 

«Барселона» құрамынан 10 ойыншының аты-жөні белгілі:

 

1. испаниялық қақпашы Альберт Хоркера;

2. испаниялық қорғаушы және «Барселонаның» экс-капитаны Карлес Пуйоль;

3. бразилиялық қорғаушы Жулиано Белетти;

4. Нидерландтың жартылай қорғаушысы Эдгар Давидс;

5. италиялық қорғаушы Франческо Коко;

6. франциялық жартылай қорғаушы Людовик Жюли;

7. Нидерландтың жартылай қорғаушысы Рональд де Бур;

8. бразилиялық шабуылдаушы және жартылай қорғаушы Рональдиньо;

9. бразилиялық шабуылдаушы және жартылай қорғаушы Ривалдо;

10. аргентиналық шабуылдаушы Хавьер Савиола.

 

11-ші ойыншының кім болатыны әзірге белгісіз. Ол «Барселона» президенті Жоан Лапорта болуы ықтимал.

 

«Азия аңыздары» құрамы толық белгілі:

 

1. қазақстандық орталық қорғаушы Самат Смақов;

2. қытайлық қорғаушы Фань Чжии;

3. қырғызстандық қорғаушы Руслан Сыдықов;

4. кеңестік және түрікменстандық әмбебап футболшы Амандурды Аннадурдыев

5. Жапондық жартылай қорғаушы Хидэтоси Наката;

6. кеңестік, тәжікстандық және ресейлік жартылай қорғаушы Мухсин Мухамадиев;

7. кеңестік және ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Канчельскис;

8. кеңестік және өзбекстандық жартылай қорғаушы Мирджалол Касымов;

9. қазақстандық жартылай қорғаушы Андрей Карпович;

10. қырғызстандық шабуылдаушы Хуршит Лутфуллаев;

11. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz