Серхио Агуэро мен Месси бір клубта ойнауы мүмкін

18 қазан 2021, 18:53

ПСЖ клубы "Барселона" шабуылшысы Серхио Агуэроны қатарға қосуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі El Nacional басылымына сілтеме жасап.

 

Басылымның мәлімдеуінше, париждіктер Мауро Икарди мен аргентиналықты алмастырғысы келеді. Мұндай шешімге Мессидің ықпалы болуы мүмкін. Себебі Лео мен Агуэроның арасында бұрыннан бері достық қарым-қатынас жақсы сақталған.

 

Еске салайық, Агуэро "Манчестер Ситиден" "блауграна" сапына жақын досымен бір ұжымда ойнау үшін ауысқан болатын. Алайда белгілі себептермен Лионель Месси жазғы трансферлік маусымда ПСЖ командасына кеткен еді. Сонымен қоса, Икарди әлі күнге дейін Мессимен тіл табыса алмаған деген ақпарат бар.