"Шабуылшы алу үшін". "Ливерпуль" өзінің трансферлік рекордын қайта жаңартпақшы

08 маусым 2022, 16:56

"Ливерпуль" командасының басшылары "Бенфиканың" шабуылшсы Дарвин Нуньесті сатып алу үшін трансферлік рекордтарын жаңартуға дайын. Бұл туралы vesti.kz тілшісі журналис Доминик Кингке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Дереккөздің ақпараты бойынша, ағылшындық команданың басшылары уругвайлық шабуылшының сатып алуды көздеп отыр. Ал "Бенфика" бұл футболшыны 80 миллион еуроға бағалауда.

 

Биыл Нуньес португалиялық клуб сапында барлық турнирлер 41 ойын өткізіп, 34 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. "Ливерпульден" бөлек бұл шабуылшыға "Реал", "Манчестер Юнайтед" командалары қызығушылық білдіруде.

 

Айта кетейік, Нуньес 2019 жылдың қазан айында Уругвай сапында бірінші кездесу өткізген. Қазір ұлттық құрама сапында шабуылшыда 11 гол бар.