Футбол

"Шахтер" Конференция лигасы аясында өткен алғашқы матчта "Маккабиге" есе жіберді

  • "Шахтер" Конференция лигасы аясында өткен алғашқы матчта "Маккабиге" есе жіберді

Нұр-Сұлтанда өткен Конференция лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында Қарағандылық "Шахтер" Тель-Авивтің "Маккабиін" қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу "Астана Арена" стадионында өтіп 2:1 есебімен израильдіктердің пайдасына аяқталды.

 
Матч барысында ұзақ уақыт бойы таблода тең есеп тіркеліп тұрды. Екінші таймның ортасына қарай қосалқы құрамнан алаңға шыққан Идрис Умаев өз командасының алғашқы қауіпті сәтін ұтымды пайдаланып, "Шахтерді" 1:0 есебімен алға шығарды.

Алайда қонақтар бар болғаны 2 минуттың ішінде есеп айырмасын теңестіріп қана қоймай жеңіс голын да салып кетті. Алдымен Матан Хозез 75-ші минутта есепті 1:1 қылса, 77-ші минутта Эден Шамир екінші голдарын соқты.

Қарағандылықтар есеп айырмасын қанша теңестіргісі келгенімен "Маккабидің" қақпасынан саңылау таба алмады.

Бұл ойын командалардың алғашқы кездесуі екенін айта кетейік. Қарымта матч 26 тамыз күні Израильде өтеді.

Еске сала кетейік, ойынның жеңімпазы Конференция лигасының тобына жолдама алады.  




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 08:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31